«109 қызметі» мобильді қосымшасы. 2026 жылғы 11 қарашадағы редакция.
Осы Құпиялылық саясаты «109 қызметі» мобильді қосымшасы (бұдан әрі — Қосымша) қандай деректерді жинайтынын, олардың қалай пайдаланылатынын және кімге берілетінін сипаттайды. Дербес деректер операторы — «Robosoft» ЖШС, БСН 220940030603, мекенжайы: 010000, Астана қ., Сығанақ к-сі, 54А ғимарат, 901/2 каб., электрондық пошта: support@robosoft.kz (бұдан әрі — Оператор). Деректер Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес өңделеді.
Қосымша мемлекеттік орган болып табылмайды және оның атынан әрекет етпейді. Қосымшада берілген өтінімдер Шығыс Қазақстан облысының Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне (бұдан әрі — ШҚО БКДҚ) беріледі.
Фотосуреттер сақталар алдында олардан метадеректер (EXIF), оның ішінде түсірілген жердің координаттары жойылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, деректер өзге үшінші тұлғаларға берілмейді және сатылмайды.
Бірінші өтінімді берер алдында пайдаланушы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді және пайдаланушы шарттарын қабылдайды. Келісімсіз Қосымша арқылы өтінім беру мүмкін емес. 109 қызметіне телефон арқылы жүгіну мүмкіндігі сақталады.
Пайдаланушы Қосымшада профильді жоя алады («Профиль» → «Профильді жою») немесе support@robosoft.kz мекенжайына сұрау жібере алады. Профиль жойылғанда телефон нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және электрондық пошта мекенжайы иесіздендіріледі, кіру сессиялары мен құрылғы деректері жойылады. Берілген өтінімдер ШҚО БКДҚ-да және жауапты қызметтерде тіркелген өтініштер ретінде қалады.
Пайдаланушы өзінің дербес деректері және оларды өңдеу туралы мәліметтер алуға, оларды нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етуге, сондай-ақ келісімді қайтарып алуға құқылы. Сұраулар support@robosoft.kz мекенжайына жіберіледі.
«Robosoft» ЖШС, support@robosoft.kz.